Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ван Гог, Пикассо және Моне картиналары аукционда рекордтық бағаға сатылды
20:12 / 2021-05-14

Әлемдік сурет өнерінің дамуында өздік ерекше кескіндерімен танымал суретші Ван Гог, Пикассо және Моне картиналары аукционда рекордтық бағаға сатылды.

Christie's аукционына қойылған картиналар арасында Пикассоның «Терезе алдында отырған әйел» («Мария Тереза») атты туындысы ең қымбат бағада 103,4 млн долларға сатылған. Картинада Пабло Пикассоның сүйіктісі және қазіргі заманғы өнер тарихындағы ең танымал музалардың бірі Мария Тереза ​​Вальтер бейнеленген. Портрет 1932 жылы салынған.

Ал Нидерландтық импрессионист Винсент Ван Гогтың «Тренктаедағы көпір» картинасы 39,3 миллион долларға бағаланып, сурет өз иесін тапты. Ван Гог бұл картинаны 1888 жылы салған.

Хабарда айтылуынша аукционда суреттердің көпшілігі күтілгеннен жоғары бағада сатылған. Олар қатарында атақты француз импрессионисті Клод Моненің «Ватерлоо көпірі. Тұман әсері» туындысының құны шамамен 48,5 миллион долларды құраған.