Ван Цзунъюань су спорты бойынша әлем чемпионы атанды
Қытайлық Ван Цзунъюань Будапештте өткен су спортынан әлем чемпионатында 3 метрге трамплиннен секіру турнирінде жеңіске жетті.
Қорытынды нәтижеге орай, Ван Цзунъюань 561,95 ұпай жинады. Екінші орынды оның отандасы Цао Юань (492,85) иелеген болса, үздік үштікті британдық Джек Ло (473,30) қорытындылады.
18 маусым мен 3 шілде аралығында Будапештте су спортынан әлем чемпионаты өтуде. Наурызда Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік және беларусь спортшыларын жарыстарға қатысудан шеттеткен болатын.