Валюта бағамы: Өзбекстанда доллардың ресми бағамы алғаш рет 10 900 сумнан асты
Орталық банк 4 наурыздан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар бағамы 10 900 сумдық деңгейден өткені байқалады.
Аптаның жұма күнінен сатылымға шығар ресми бағадағы 1 АҚШ доллары Орталық банк белгілеген соммада 12,42 сумға өсіп 10 900,25 сумға жеткен.
Еуро бағасы 10,50 сумға қымбаттап 1 еуро 12 077,48 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі осыған дейінгі бағадан 6,69 сумға арзандап 93,04 сумды құраған болса, Қазақстан теңгесі апта соңында 0,07 сумға құлдырады және 21 97 сумға теңескен.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.