Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар және еуро курсы қымбаттады
Орталық банк 22 желтоқсаннан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро курсының қымбаттағаны байқалады.
Бұл апта доллардың алғашқы 13 апталық өсу дәуірінен кейінгі аралықтағы бір реттік төмендеуден соң байқалған сегізінші апталық өсуі.
Аптаның екінші күнінен сатылымға шығар ресми бағадағы 1 АҚШ доллары 10,65 сумға өсіп 10 473,77 сумға жеткен.
Бұл аптада еуро бағасы 163,73 сумға қымбаттаған және 1 еуро 12 835,61 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 0,63 сумға төмендеп 142,82 сумды құраған.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.