Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар өсіп, еуро арзандады
Орталық банк 2 ақпаннан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар бағамы өсіп, еуро арзандағаны байқалады.
Аптаның екінші күнінен сатылымға шығар ресми бағадағы 1 АҚШ доллары Орталық банк белгілеген соммада 21,45 сумға өсіп 10 540,44 сумға жеткен.
Бұл аптада еуро бағасы 6,58 сумға арзандаған және 1 еуро 12 791,88 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 0,3 сумға құлдырап 139,19 сумға теңескен.
Орталық банк жоғарыдағы аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.