Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар қымбаттап, еуро арзандады
Орталық банк 29 желтоқсаннан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар курсының тағыда қымбаттағаны байқалады. Бұл доллар бағамыныні 13 апталық өсу дәуірінен кейінгі аралықтағы бір реттік төмендеуден соң байқалған тоғызыншы апталық өсуі.
Ертеңнен бастап сатылымға шығар ресми бағадағы 1 АҚШ доллары 3,15 сумға өсіп 10 476,92 сумға жеткен.
Бұл аптада еуро бағасы 49,58 сумға арзандаған болып, 1 еуро 12 786,03 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі де өткен аптадағы бағадан 1,55 сумға төмендеген және 141,27 сумды құраған.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.