Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар қымбаттады
Орталық банк 2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар бағамы өскені байқалады.
Жаңа ресми баға бойыша 1 АҚШ доллары 18,16 сумға өсіп 10 836,21 сумға жеткен.
Келесі аптада еуро бағасы 70,40 сумға жоғарылайды және 1 еуро 12 311,02 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі алдыңғы бағадан 0,16 сумға өсіп 143,10 сумға теңескен болса, Қазақстан теңгесі 0,05 сумға жоғарылап 24,89 сумнан сатылады.
Орталық банк жоғарыдағы аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.