Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар қымбаттады
Орталық банк 25 наурыздан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар бағамы өсіп, еуро арзандағаны байқалады.
Жаңа ресми бағадағы 1 АҚШ доллары Орталық банк белгілеген соммада 11,48 сумға өсіп 10 507,68 сумға жеткен.
Бұл аптада еуро бағасы 46,24 сумға арзандаған және 1 еуро 12 435,84 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі алдыңғы бағадан 0,67 сумға құлдырап 138,46 сумға теңескен болса, Қазақстан теңгесі 0,03 сумға өсіп 24,96 сумнан сатылады.
Орталық банк жоғарыдағы аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.