Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар мен еуро қымбаттады
Орталық банк 26 қаңтардан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро курсының қымбаттағаны байқалады.
Аптаның екінші күнінен сатылымға шығар ресми бағадағы 1 АҚШ доллары 18,18 сумға өсіп 10 518,99 сумға жеткен.
Бұл аптада еуро бағасы 115,58 сумға қымбаттаған және 1 еуро 12 798,46 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 2,94 сумға төмендеп 139,72сумды құраған.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды