Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар мен еуро курсы арзандады
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 9 ақпаннан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар және еуро курсы төмендегені байқалады.
Ертеңнен бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 9,61 сумға арзандап 10 530,83 сумға теңескен.
Еуро бағамы 110,65 сумға төмендеп 1 еуро 12 681,23 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 1,91 сумға өсіп 141,10сумды құрады.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.