Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар мен еуро арзандады
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар және еуро курсы төмендегені байқалады.
28 сәуірден сатылымға шыққан 1 АҚШ доллары 18,67 сумға арзандап 10 529,51 сумға теңескен.
Еуро бағамы 56,28 сумға төмендеп 1 еуро 12 709,85 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі алдыңғы бағадан 0,44 сумға құлдырап 140,37 сумды құрады.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.