Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсының өсуі жалғасуда
Орталық банк 17 қарашадан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар курсы 12,05 сумға өскен. Бұл қатарынан 13 апталық өсу дәуірінен кейінгі аралықтағы бір реттік төмендеуден соңғы байқалған үшінші аптадағы өсуі.
Сонымен, ертеңнен бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 12,05 сумға өсіп 10390,93 сумға жеткен.
Еуро бағамы бұл аптада 27,263 сумға арзандап 1 еуро 12294,55 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 0,25 сумға өскен және 134,34 сумды құраған болса, Қазақстан теңгесі бұл апта 0,16 сумға қыбаттап 24,17 сумға теңескен.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.