Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсының өсуі жалғасуда
Орталық банк Өзбекстанда доллар курсының тағыда өскенін жариялады. Онда 10 қарашадан бастап күшіне енетін шетел валюталарының сумға байланысты айналымға шығар жаңа бағасында доллар курсы 12,02 сумға өскені байқалады. Бұл көрсеткіш доллар бағамының 13 апталық өсу дәуірінен кейінгі аралықтағы бір реттік төмендеуінен соңғы байқалған екінші аптадағы өсуі.
Сонымен, ертеңнен бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 12,02 сумға өсіп 10378,88 сумға жеткен.
Еуро бағамы бұл аптада 247,53 сумға қымбаттаған. 1 еуро 12321,81 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 3,72 сумға өскен және 134,09 сумды құраған.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.