Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсы тағыда өсті
13:48 / 2020-12-14

Орталық банк 15 желтоқсаннан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро курсының қымбаттағаны байқалады.

Бұл апта доллардың 13 апталық өсу дәуірінен кейінгі аралықтағы бір реттік төмендеуден соң байқалған жетінші апталық өсуі.

15 желтоқсаннан бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 20,05 сумға өсіп 10 463,12 сумға жеткен.

Бұл аптада еуро 14,88 сумға қымбаттаған және 1 еуро 12 671,88 сум боп белгіленген.

Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 2,40 сумға өскен және 143,45 сумды құраған болса, Қазақстан теңгесі бұл апта 0,13 сумға қыбаттап 24,97 сумға теңескен.

Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.