Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар арзандады
Өзбекстанда доллар бағамы 10-шы аптаға келіп арзандады. Орталық банктің шетел валюталарының сумға байланысты 5 қаңтардан бастап айналымға шығар жаңа бағасында доллар курсы 27,48 сумға арзандағаны байқалады.
Сонымен, ертеңнен бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 27,48 сумға арзандап 10449,44 сумға теңескен.
Еуро бағамы 24,13 сумға төмендеп 1 еуро 12761,90 сум боп белгіленген.
Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 0,82 сумға арзандап 140,45 сумды құраған.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.
Бұған дейін доллар бағамының ең ұзақ өсу дәуірі 13 аптаға созылған еді.