Валюта бағамы: Өзбекстанда ресми доллар курсы арзандады
Өзбекстанда доллар бағамы 13-ші аптаға келіп арзандады
Өзбекстанда доллар бағамы 13-ші аптаға келіп арзандады. Орталық банктің шетел валюталарының сумға байланысты 27 қазаннан бастап айналымға шығар жаңа бағасында доллар курсы 11,88 сумға арзандағаны байқалады.
Сонымен, ертеңнен бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 11,88 сумға арзандап 10359,88 сумға теңескен.
Ал, еуро бағамы бұл аптада 132,15 сумға өсіп 1 еуро 12285,78 сум боп белгіленген.
Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 2,92 сумға қымбаттап 136,11 сумды құраған.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.