Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар және еуро курсының өсуі жалғасуда
Өзбекстанда доллар бағамы қатарынан үзіліссіз қымбаттау жағдайы 11-ші аптаға жалғасты.
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 13 қазаннан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар және еуро курсының өскені байқалады. Өзбекстанда доллар бағамы қатарынан үзіліссіз өсіп келу жағдайы 11-ші аптаға жалғасты.
Сонымен, ертеңнен бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 24,80 сумға өсіп 10364,48 сумға жеткен.
Еуро бағамы бұл аптада 144,09 сумға қымбаттап 1 еуро 12254,96 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 2,76 сумға өсіп 135,03 сумды құраған.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.