Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсы тағыда қымбаттады
Еуро бағамы бұл апта тағда 194,27 сумға қымбаттаған
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 9 маусымнан бастап айналымға шығар жаңа құнын жариялады. Онда шетелдік валюталарына шаққандағы сумның құны тағыда төмендегені байқалады.
1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағадан 4,88 сумға өсіп 10153,19 сумға теңестірілген.
Еуро бағамы бұл апта тағда 194,27 сумға қымбаттаған. 1 еуро бағасы 11456,86 сумға жеткен.
Ресей рубльі алдыңғы бағадан 3,90 сумға артып 147,95 сум болған.
Өзбекстанда валюта бағамы еркін айналым жүйесіне өткеннен кейін 2020 жылдың 15 сәуіріне келіп доллар бағамы алғаш рет 10 мыңдық рекордты деңгейден өткен болатын. Қазірге дейін сол нүктеден төмендеген жоқ.
Еске сала кетсек Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.