Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсы тағыда өсті
Өзбекстанда валюта бағамы тағыда қымбаттады
Өзбекстанда валюта бағамы тағыда қымбаттады. Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 11 тамыздан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро курсының өскені байқалады.
Өткен аптадағы бағадан 1 АҚШ доллары 21,85 сумға өсіп 10231,71 сумға жеткен.
Еуро бағамы бұл аптада 38 сумға қымбаттаған және 1 еуро 12059,09 сум боп белгіленген.
Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 1,19 сумға артып 138,65 сум болған.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.