Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсы тағыда өсті
12:17 / 2020-09-07

Өзбекстанда доллар бағамы қатарынан алтыншы апта қымбаттап келеді


Доллардыңқымбаттауы Өзбекстанда алтыншы аптаға жалғасуда. Орталық банк белгілеген 8 қыркүйектен бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасында доллар курсы 4,09 сумға өсіп, 1 АҚШ доллары 10274,17 сумға жеткен.

Еуро бағамы бұл аптада 69,11 сумға түскен және 1 еуро 12162,56 сум боп белгіленген.

Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 3,31 сумға арзандап 136,28 сум болған.

Еске салар болсақ, Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.