Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсы өсті
Өзбекстанда доллар бағамы алтыншы аптаға келіп біршама арзандаған болатын, бірақ бұл апта тағыда қымбаттады
Өзбекстанда доллар бағамы алтыншы аптаға келіп біршама арзандаған болатын, бірақ бұл апта тағыда қымбаттады.
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 4 тамыздан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро курсының өскені байқалады.
1 АҚШ доллары 2,17 сумға өсіп 10209,86 сумға теңестірілген.
Еуро бағамы бұл аптада 125,05 сумға қымбаттаған және 1 еуро 12 021,09 сум боп белгіленген.
Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 4,91 сумға арзандап 137,46 сум болған.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.