Валюта бағамы: Доллардың ресми курсы жоғарылады
Еуро курсы бұл апта төмендеген
Өзбекстанның Орталық банкі 2019 жыл 29-ші қазаннан бастап шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті.
Онда, 1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағамен салыстырғанда 14,84 сумға қымбаттап 9 463,37 сумға жеткен.
1 еуро 22-ші қазандағы көрсеткішіне байланысты 69,54 сумға төмендеп 10 483,52 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 0,70 сумға қымбаттап 148,40 сумға теңескен.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.