Валюта бағамы: Доллардың ресми курсы төмендеді
Өткен апта доллар бағамы 9500 сумнан алғаш рет асқан болатын
Өзбекстанның Орталық банкі 2019 жыл 26-шы қарашадан бастап шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті.
Онда, 1 АҚШ доллары алдыңғы аптамен салыстырғанда 6,28 сумға құлдырап 9494,68 сум боп белгіленді.
1 еуро 19-ші қарашадағы бағаға байланысты 33,52 сумға арзандап 10 465, 04 сум болды.
Ал, Ресей рубльі өткен апта нарықтағы бағадан 0,27 сумға түсіп 148,74 сумға теңескен.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.