Валюта бағамы: Доллар және еуро курсы тағыда өсті
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 7 шілдеден бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады
Өзбекстанда валюта бағамы еркін айналым жүйесіне өткеннен кейін 2020 жылдың 15 сәуіріне келіп доллар бағамы алғаш рет 10 мыңдық рекордты деңгейден өткен болатын. Қазірге дейін сол нүктеден түскен жоқ.
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 7 шілдеден бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро бағамының тағыда өскенін байқауға болады.
1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағамен салыстырғанда 11,35 сумға өсіп 10184,73 сумға жеткен.
Еуро бағамы бұл аптада 44,30 сумға қымбаттап 1 еуро 11455,78 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі 3,49 сумға төмендеп 142,48 сум боп сатылымға шығатын болды.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.