Валюта бағамы: Доллар және еуро курсы өсті
Еуро бағамы бұл аптада 43,42 сумға қымбаттап 1 еуро 11411,48 сум боп белгіленген
Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 30 маусымнан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро бағамының өскенін байқауға болады.
1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағамен салыстырғанда 0,62 сумға өсіп 10173,38 сумға жеткен.
Еуро бағамы бұл аптада 43,42 сумға қымбаттап 1 еуро 11411,48 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі 0,42 сумға төмендеп 145,97 сум боп сатылымға шығатын болды.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.
Еске сала кетсек Өзбекстанда валюта бағамы еркін айналым жүйесіне өткеннен кейін 2020 жылдың 15 сәуіріне келіп доллар бағамы алғаш рет 10 мыңдық рекордты деңгейден өткен болатын. Қазірге дейін сол нүктеден төмендеген жоқ.