Валюта бағамы: Доллар төмендеп еуро бағасы артты
Соңғы төрт аптадан беріге сумның деңгейі жоғарылап келеді
Өзбекстан Орталық банкі 25 ақпан күнінен бастап шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жариялады. Онда доллар бағамы тағыда түскен. Мұндай процес соңғы төрт аптадан беріге жалғасуда.
Орталық банктің бағамына сай доллардың ресми курсы 2,21 сумға құлдырап, 1 АҚШ доллары 9526,28 сумға теңестірілген.
Еуро курсы өткенгі бағадан 10 сумға қымбаттап 10 329,35 сумға жеткен.
Ресей рубьлі 1,25 сумға арзандап 148,82 сум боп белгіленді.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.