Валюта бағамы: Доллар мен еуро курсы жоғарылады
Бұл аптада доллар, еуро, рубль көрсеткіші көтерілді
Өзбекстанның Орталық банкі 2019 жыл 15-ші қазаннан бастап шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті.
Онда, өткен аптамен салыстырғанда жаңа бағаға сай 1 АҚШ доллары +21,90 сумға артып 9 455,24 сумға жеткен.
1 еуро 7-ші қазандағы көрсеткішіне байланысты + 84,55 сумға артып 10 438,58 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 1,50 сумға қымбаттап 147,25 сумға теңескен.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.