French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Валюта бағамы: Доллар курсы тағыда өсті
11:38 / 2020-04-20

Еуро және рубль бағамы төмендеген


Өткен апта басында Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты бағасын жариялаған болсада, апта ортасына келіп Өзбекстандағы коммерциялық банктерде доллар курсы еркін айналымға шыққалы бері рекордты дәрежеде өсуі байқалып 10 000 сумнан асты. Орталық банкте бұл жағдайды ескере 16 сәуірден бастап 1 АҚШ долларын 10 121,00 сум етіп белгілеген болатын.

Ал ертеңнен бастап айналымға шығар бағам бойынша доллар курсы тағы өскен. Бұл жағдай қатарынан алтыншы аптаға ұласуда.

Сонымен банк белгілеген 21 сәуірден бастап айналымға шығар доллардың курсы 16,94 сумға өсіп, 1 АҚШ доллары 10137,94 сумға теңестірілген.

Еуро бағамы өткен аптадағы белгіленген курстан 85,83 сумға түсіп 11026,02 сум боп белгіленген.

Ресей рубльіде бұл аптада арзандаған. Онда 1 рубль 1,67 сумға төмендеп 137,02 сум болған.

Ескерте кетсек, Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.