Валюта бағамы: 1 АҚШ доллары 9500 сумнан асты
20-шы тамыздан бастап доллар еркін айналымға шыққан кезде бұл көрсеткіш 9384 сумға тең еді.
Өзбекстанның Орталық банкі 2019 жыл 19-ші қарашадан бастап шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті.
Онда, 1 АҚШ доллары алдыңғы аптамен салыстырғанда 10,19 сумға қымбаттап 9500,96 сумға жеткен.
1 еуро 12-ші қарашадағы бағаға байланысты 43,53 сумға артып 10 498, 56 сум боп белгіленді.
Ал, Ресей рубльі өткен апта нарықтағы бағадан 0,19 сумға көтеріліп 149,01 сумға теңескен.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.