Валенсияда екі көпқабатты үйді өрт шарпыды
Испанияның Валенсия қаласында өрт екі көпқабатты тұрғын үйді шарпыды.
Euronews мәліметінше, кем дегенде 13 адам, оның ішінде алтауы құтқарушы зардап шеккен.
Оқиға орнына қала орталығындағы өрт сөндірушілер, Испанияның әскери төтенше қызметтерінің сарбаздары да жұмылдырылып, дәрігерлер оқиға орнында жаралыларды емдеу үшін үлкен шатыр тіккен.
Премьер-министр Педро Санчес зардап шеккендермен ынтымақтаса отырып, оқиға орнында жұмыс істеп жатқан барлық төтенше жағдай қызметкерлеріне алғысын білдірген.