Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинаға қабілетті Өзбекстандағы халықтың 91 пайыздан астамы алғашқы доза қабылдады
15:49 / 2022-02-19

Өзбекстанда вакцина қабылдауға қабілетті халықтың 91 пайыздан астамына алғашқы доза егілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 ақпан күні республикада 165 808 доза вакцина қолданылған. Ондағы 15 599 адам бірінші доза, 46 738 азамат екінші дозада, 103 471 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған. 

Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 44 798 831 дозасы егілді. 

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 607 708, ІІ компонентін 15 176 141, ІІІ компонентін алғандар 10 014 982 жеткені айтылады министрлік хабарында.

Бұдан бөлек, 18 ақпандағы жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 843 265 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцина алған.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 91,4 пайызды, ал толық вакцина алғандар 71,2 пайызды құрауда.