Өзбекстанда вакцина қабылдауға қабілетті халықтың 90 пайыздан астамына алғашқы доза егілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 ақпан күні республикада 90 564 доза вакцина қолданылған. Ондағы 23 493 адам бірінші доза, 31 308 азамат екінші дозада, 35 763 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 42 459 659 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 417 398, ІІ компонентін 14 766 912, ІІІ компонентін алғандар 8 275 349 жеткені айтылады министрлік хабарында.
Бұдан бөлек, 4 ақпандағы жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 762 511 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцина алған.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 90,5 пайызды, ал толық вакцина алғандар 69,2 пайызды құрауда.