Вакцинаға қабілетті 82,8 пайыз өзбекстандыққа алғашқы доза егілді
Өзбекстанда вакцина қабылдауға қабілетті халықтың 82,8 пайызына алғашқы доза егілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 желтоқсан күні республикада 240 409 доза вакцина қолданылған. Ондағы 84 669 адам бірінші доза, 104 750 азамат екінші дозада, 50 990 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 34 422 635 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 17 772 555, ІІ компонентін 11 004 262, ІІІ компонентін алғандар 5 645 818 жеткені айтылады министрлік хабарында.
2 желтоқсан күнгі жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 449 889 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцина алған.