Вакцинаға қабілетті 77,4 пайыз өзбекстандыққа алғашқы доза егілді
Өзбекстанда вакцина қабылдауға қабілетті халықтың 77,4 пайызына алғашқы доза егілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 қараша күні республикада 314 070 доза вакцина қолданылған. Ондағы 154 568 адам бірінші доза, 107 525 азамат екінші дозада, 51 977 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 31 803 843 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 16 606 819, ІІ компонентін 10 012 555, ІІІ компонентін алғандар 5 184 469 жеткені айтылады министрлік хабарында.
22 қараша күнгі жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 349 081 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцинацияланды.