English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинацияның кешіктірілуі ЕО-ға 100 млрд еуро шығын келтіруі мүмкін
02:07 / 2021-03-08

Егер Еуро Одақ елдері коронавирустық вакцинацияны жәйбасарлыққа салса, Еуропа экономикасы миллиардтаған еуродан айырылуы мүмкін, деп болжайды Bloomberg агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Еуропада коронавируспен күрес күткеннен баяу жүруде және бұл өз кезегінде экономиканың қалпына келуінің кешеуілдеуіне әкеледі және бизнестің жұмысын баяулатады.

Еуропада саяси жағдай, вакциналарды жеткізу және адамдардың вакцинацияға қарсы тұруына байланысты емдеу процесі артта қалып келеді. Bloomberg Economics қорытындысына орай пандемиядан кейінгі 1-2 айлық құлдырау ЕО экономикасына 50-100 млрд еуроға дейін шығын келтіруі мүмкін.

«Егер еуропалықтар вирусты жеңгілері келсе, вакцинаны енгізуді тездетуі керек. Қағазбастылық пен үкіметтердің жалған есептері бұл процесті кешіктіруде», деген Principal Global Investors Ltd компаниясының бас стратегі Сима Шах.

Еуропалық орталық банктің басшысы Кристин Лагард еуроаймақ экономикасы 2021 жылдың ортасында қалпына келе бастайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, өсу қарқыны вакцинация үдерісіне және билік органдарының денсаулық сақтау саласындағы жағдайға деген экономикалық көзқарасына байланысты болады.