English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация және коронавирус: Өзбекстандағы жағдай туралы
11:05 / 2022-01-23

Өзбекстанда індетке қарсы вакцинация науқаны қарқынды жүзеге асырылу мен қатар, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны артып келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 қаңтардағы тіркелген дерегіне байланысты елде 1400-ден астам азамат ауру жұқтарған болса, 114,1 мың кісі екпе қабылдаған.

2022 жылдың 22 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 213 767 (+1478) жетті. Бұл күндік аурулар санының артуы бойынша жаңа рекорд. Сонымен қатар осы күн елде 1126 науқас сауығып шыққан болса, 4 індетке шалдыққан жан көз жұмған. Қазір елдегі сауыққандардың қатары 203 275-ке жетіп, өлім саны 1540 құрауда. 

Вакцинация бойынша кеше республикада 114 103 доза вакцина қолданылған. Олардан 21 731 бірінші доза, 43 567 екінші дозада, 48 805 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 41 372 753 дозасы егілді. 

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 179 182, ІІ компонентін 14 378 451, ІІІ компонентін алғандар 7 815 120 жеткен.

Министрлік дерегінше, республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 89,4 пайызды құрауда. Ал, толық алғандар 67,3 пайызға жуығы толық вакцина алды.