Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстандағы екпе аясында 52,4 млн дозадан астам вакцина қолданылды
11:05 / 2022-05-11

Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 52,4 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 10 мамыр күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 130 596 доза вакцина қолданылған. Олардың 3 156 бірінші доза, 13 084 екінші дозада, 114 356 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазіргі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 52 486 997 дозасы егілді.

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 20 288 229, ІІ компонентін 16 342 260, ІІІ компонентін алғандар 15 856 508 жеткені айтылады министрлік хабарында.

Республика бойынша екпеге қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 94,6 пайызды, ал толық қабылдағандар саны 76,8 пайызды құрауда.