Вакцинация: Өзбекстандағы екпе аясында 51 млн дозадан астам вакцина қолданылды
Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 51 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 25 сәуір күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 158 797 доза вакцина қолданылған. Олардың 17 287 бірінші доза, 11 697 екінші дозада, 129 813 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазіргі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 51 137 645 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 20 186 440, ІІ компонентін 16 218 534, ІІІ компонентін алғандар 14 732 671 жеткені айтылады министрлік хабарында.
Республика бойынша екпеге қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 94,1 пайызды, ал толық қабылдағандар саны 76,2 пайызды құрауда.