Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 38,6 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 27 желтоқсан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 180 655 доза вакцина қолданылған болып, оның 26 633 адам бірінші доза, 99 355 азамат екінші дозада, 54 667 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 38 681 611 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 18 757 677, ІІ компонентін 13 233 052, ІІІ компонентін алғандар 6 690 882 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 87,4 пайызды құрауда.
27 желтоқсан күнгі жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 607 083 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцина алған.