Вакцинация: Өзбекстанда жалпы қолданылған вакцина 36,5 миллион дозадан асты
Өзбекстанда азаматтарды жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 36,5 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 14 желтоқсан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 229 995 доза вакцина қолданылған болып, оның 52 988 адам бірінші доза, 121 707 азамат екінші дозада, 55 300 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 36 534 484 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 18 352 007, ІІ компонентін 12 057 662, ІІІ компонентін алғандар 6 124 815 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті халықтың COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 85,5 пайызды құрауда.