Вакцинация: Өзбекстанда жалпы қолданылған вакцина 34,8 миллион дозадан асты
Өзбекстанда азаматтарды жаппай вакцинация науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 34,8 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 4 желтоқсан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 213 709 доза вакцина қолданылған болып, оның 67 688 адам бірінші доза, 97 426 азамат екінші дозада, 48 595 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 34 874 583 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 17 917 259, ІІ компонентін 11 209 081, ІІІ компонентін алғандар 5 784 243 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті халықтың COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 83,5 пайызды құрауда.