Вакцинация: Өзбекстанда жалпы 14,7 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
2 қыркүйек күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 142 479 доза вакцина қолданылды. Бүгінге дейін республикада 1 988 158 азамат толықтай вакцина алды.
ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 35 314 адам бірінші доза, 89 665 азамат екінші дозада, 17 500 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 14 772 332 дозасы егілді. Осы қолданылған екпенің І компонентін 9 603 290, ІІ компонентін 3 806 199, ІІІ компонентін алғандар 1 362 843 жеткені айтылады министрлік хабарында.
2 қыркүйекте вакцинация бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:
- Ташкент облысы (20 290 доза),
- Әндіжан облысы (19 286 доза),
- Бұхара облысы (16 374 доза).
Бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:
- Ферғана облысында 1 677 088 доза,
- Наманган облысында 1 669 373,
- Әндіжан облысында 1 551 197 доза.