Вакцинация: Өзбекстанда жалпы 11,3 миллион дозадан астам вакцина қолданылды
11 тамыз күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 296 963 доза вакцина қолданылды. Бүгінге дейін республикада 1 371 257 азамат толықтай вакцина алды.
ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 272 603 адам бірінші доза, 18 685 азамат екінші дозада, 5 675 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Қазгі күнде елде жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 11 382 468 дозасы егілді. Осы қолданылған екпенің І компонентін 7 049 126, ІІ компонентін 2 423 846, ІІІ компонентін алғандар 909 496 жеткені айтылады министрлік хабарында.
11 тамызда вакцинация бойынша ең көп доза қолданылған аймақтар:
- Қашқадария облысы (50 760 доза),
- Сұрхандария облысы (39 171 доза),
- Әндіжан облысы (23 594 доза).
Бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы вакцина көп қолданылған аймақтар:
- Ферғана облысында 1 292 563 доза,
- Наманган облысында 1 288 376 доза,
- Әндіжан облысында 1 215 501 доза.