Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда вакцинаның алғашқы дозасын алғандар 93 пайыздан асты
11:12 / 2022-04-14

2021 жылдың 1 сәуір күнінен басталған Өзбекстандағы жаппай вакцинациялау науқаны аясында  бүгінге дейін жалпы республикада 49,7 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.

ДСМ-нің хабарлауынша, 14 сәуір күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 131 244 доза вакцина қолданылған. Оның 16 134 бірінші доза, 13 970 екінші дозада, 101 140 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 49 791 408 дозасы егілді.

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 20 030 765, ІІ компонентін 16 095 658, ІІІ компонентін алғандар 13 664 985 жеткені айтылады министрлік хабарында.

ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 93,4 пайызға, ал толық екпе алғандар 75,6 пайызды құрауда.