15 қыркүйек күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 230 380 доза вакцина егілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 68 096 І доза, 110 431 азамат ІІ доза, 51 853-і вакцинаның ІІІ копонентін толық алған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 17 665698 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 10 215 423, ІІ компонентін 5 543 423, ІІІ компонентін 1 906 852 азамат толық қабылдаған.
2021 жылдың 1 сәуірінен басталған вакцинация науқаны аясында бүгінге дейін республикада 3 432 465 азамат толық вакцина алды.
Статистикаға сай ел аумағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.
- Ферғана облысында 1 991 751 доза,
- Наманган облысында 1 922 652 доза,
- Әндіжан облысында 1 917 833 доза.
Қазірге дейін Республикада 4 түрлі препарат (өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V және Moderna) тіркеуден өткен.
13 қыркүйекте 1,2 миллион дозадан астам Pfizer/BioNTech вакцинасы әкелінген болып, ол елдегі 5 вакцина болды. Бірақ қазіргі уақытта ДСМ бұл вакцинаны қолдану басталғанын хабарламады.
Еске сала кетер болсақ, азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады.