Вакцинация: Өзбекстанда вакцина толық алғандар саны 2,3 миллионнан асты
6 қыркүйек күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 353 259 доза вакцина егілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 44 240 І доза, 245 716 азамат ІІ доза, 63 303-і вакцинаның ІІІ копонентін толық алған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 15 358 115 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 9 691 440, ІІ компонентін 4 209 013, ІІІ компонентін 1 457 662 азамат толық қабылдаған.
1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында бүгінге дейін республикада 2 344 077 азамат толық вакцина алды.
Ал, статистикаға сай ел аумағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.
- Ферғана облысында 1 757 823 доза,
- Наманган облысында 1 728 830 доза,
- Әндіжан облысында 1 637 334 доза.
Қазірге дейін Республикада 4 түрлі препарат (өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V және Moderna) тіркеуден өткен болып, азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады.