Вакцинация: Өзбекстанда вакцина толық алғандар саны 1,5 миллионнан асты
24 тамызда Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 128 251 доза вакцина егілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 51 744 І доза, 57 118 азамат ІІ доза, 19 389-і вакцинаның ІІІ копонентін толық алған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 12 959 828 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 9 016 316, ІІ компонентін 2 902 459, ІІІ компонентін 1 041 053 азамат толық қабылдаған.
1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында бүгінге дейін республикада 1 517 199 азамат толық вакцина алды. Ал, статистикаға сай ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.
- Ферғана облысында 1 535 389 доза,
- Наманган облысында 1 529 314 доза,
- Әндіжан облысында 1 377 755 доза.
Республикада 4 түрлі препарат (өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V және Moderna) тіркеуден өткен болып, азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады.