Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда вакцина толық алғандар саны 1,45 миллионнан асты
11:52 / 2021-08-20

19 тамызда Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 96 486 доза вакцина егілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 52 288 І доза, 34 350 азамат ІІ доза, 9 848-і вакцинаның ІІІ копонентін толық алған.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 12 594 630 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 8 842 400, ІІ компонентін 2 758 532, ІІІ компонентін 993 698 азамат толық қабылдаған.

1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында статистика бойынша ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.

  • Ферғана облысында 1 453 263 доза,
  • Наманган облысында 1 450474 доза,
  • Әндіжан облысында 1 358 895 доза.

Республика 4 түрлі препарат (өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V және Moderna) қолданылуда. Ал азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады.