2021 жылдың 1 сәуірінден бастап Өзбекстанда жалпы қолданылған вакцина дозасы 21,5 миллионнан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 5 қазан күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 229 895 доза вакцина егілді. Оның ішінде 99 038 І доза, 63 175 азамат ІІ доза, 67 682-і вакцинаның ІІІ копонентін толық алған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 21 521 904 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 11 827 764, ІІ компонентін 6 839 009, ІІІ компонентін 2 855 131 азамат толық қабылдаған.
2021 жылдың 1 сәуірінен басталған вакцинация науқаны аясында бүгінге дейін республикада 4 781 754 азамат толық вакцина алды.
Статистика бойынша, ел аумағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.
- Ферғана облысында 2 343 602 доза,
- Әндіжан облысында 2 304 757 доза,
- Наманган облысында 2 258 231 доза.
Қазіргі уақытта Республикада 5 түрлі препарат (өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V, Moderna және Pfizer/BioNTech) тіркеуден өткен.