Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вакцинация: Өзбекстанда қолданылған вакцина көлемі 42 миллион дозадан асты
11:13 / 2022-02-01

Қаңтар айының соңғы күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 97 914 доза вакцина қолданылған.

ДСМ-нің хабарлауынша, 31 қаңтар күні республика аумағында қолданылған вакцинаның 22 611 бірінші доза, 32 894 екінші доза, 42 409 үшінші дозасы егілген.

Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы қолданылған вакцина көлемі 42 096 810 дозаға жетті. 

Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 324 731, ІІ компонентін 14 637 645, ІІІ компонентін алғандар 8 134 434 жеткені айтылады министрлік хабарында.

Соның негізінде қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 90,1 пайызды құрауда. Ал толық егілгендер саны 68,6 пайызға жеткен.

31 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 741 856 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцина алған.